Қызмет көрсету шарттары

Telegram платформасында тіркелсеңіз, Құпиялық саясатымызды қабылдайсыз және мыналарды істемеуге келісесіз:

  • Қызметімізді спам жіберу не қолданушыларды алдау үшін пайдалану.
  • Telegram-дағы жария арналарда, боттарда, тағы басқаларда зорлық-зомбылықты насихаттау.
  • Заңсыз порнографиялық контентті Telegram-дағы жария арналарда, боттарда, тағы басқаларда жариялау.
  • Көптеген елдерде заңсыз деп танылған әрекеттермен айналысу. Оған балаларды қорлау, заңсыз тауарлар мен қызметтерді (есірткі, қару-жарақ, жалған құжаттар) сату немесе ұсыну жатады, және тағы басқалар.

Біз осы Қызмет көрсету шарттарын жаңарту құқығын сақтаймыз.

ЕО елдері, Ұлыбритания және Аустралия азаматтары тіркелу үшін кемінде 18 жаста болуы керек.


Telegram Premium қызмет көрсету шарттары

Telegram – қызметтердің кең ауқымды қызметтерді ұсынатын тегін қолданба, соның ішінде шектеусіз бұлт қоймасын, 2 ГБ файлдарды жүктеп салуды, аудио және бейне қоңырауларды, 200 000 мүшеге дейін сыятын топтық чаттарды, бірнеше құрылғыда қолдануды және тағы басқа мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Telegram Premium сияқты кейбір қосымша қызметтер белгілі бір елдерде сатып алуға қолжетімді болуы мүмкін. Олар әдеткіден де қуатты хабар алмасу тәжірибесін және Telegram платформасының үздіксіз дамуын қолдау мүмкіндігін ұсынады.

1. Кіріспе

Telegram Premium — эксклюзивті мүмкіндіктердің және жақсартылған функциялардың құлпын ашатын жазылым мүшелігі. Telegram Premium жазылымын сатып алсаңыз, қайталанатын ай сайынғы не жыл сайынғы төлемдерге рұқсат беретініңізге келісесіз. Бұл төлемдер сіз таңдаған төлем әдісі арқылы орындалып, сіз не Telegram-ның өзі жазылымнан бас тартпайынша жасалып тұрады.

Telegram платформасы Telegram Premium жазылымының төлемдерін қауіпсіз түрде жүзеге асыру үшін үшінші тараптардың төлем жасау процессорын пайдаланады.

1.1. Төлем

Telegram тіркелгіңіздің «Баптау» бөлімінде Telegram Premium тармағына кіріп, Telegram Premium жазылымыңызды реттей аласыз. Төлем әдісіңіз қабылданбаса, жаңа төлем ақпаратын енгізуіңіз керек, әйтпесе Telegram Premium жазылымыңыз тоқтатылады. Жаңа төлем ақпаратын енгізгеннен кейін төлем жасалса, жаңа жазылым кезеңіңіз төлем жасалған күннен емес, алғашқы төлем күнінен басталады.

1.2. Салықтар және айырбастау бағамдары

Белгілі бір аймақтардағы қолданушылардан жергілікті салықтарды төлеу талап етілуі мүмкін. Бұл салықтар есептеліп, сатып алудың жалпы құнына қосылады. Төлем провайдерлері әртүрлі валютадағы төлемдерге өз комиссиялары мен айырбастау бағамдарын қолдануы мүмкін. Бұл Telegram бақылауына кірмейді.

2. Бас тарту саясаты

2.1. Жазылымнан бас тарту

Telegram Premium жазылымынан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Жазылымыңыздан бас тарту үшін Telegram тіркелгіңіздің «Баптау» бөлімі Telegram Premium тармағындағы нұсқаулықты орындаңыз. Telegram Premium жазылымын Apple ID арқылы сатып алған болсаңыз, құрылғыңыздағы «Тіркелгі баптауы» не Apple App Store дүкенінің «Жазылымдарды басқару» бөліміне кіріп, жазылымнан бас тарта аласыз. Telegram Premium жазылымын Google Play арқылы сатып алған болсаңыз, Google Play дүкенінің «Жазылымдар» бөліміне кіріп, жазылымнан бас тарта аласыз.

2.2 Қаражат қайтарымы және бас тартуды тиімді жасау

Жазылымнан бас тартқан уақыттан бастап ағымдағы есептік кезеңінің соңына дейін жазылымыңыз белсенді болып тұрады және ағымдағы есептік кезеңнің қалған күндері үшін сізге қаражат қайтарылмайды. Жазылымыңыз тоқтаған сәттен бастап Telegram Premium-ге қатысты барлық мүмкіндіктерге қолжетімділікті жоғалтасыз.

Telegram тіркелгіңізді не Telegram қолданбасын құрылғыдан жойсаңыз, жазылымыңыз тоқтатылмайды.

3. Үшінші тараптар арқылы алынатын ақылы қызметтер

Telegram Premium жазылымын үшінші тарап (мысалы, Google Play, Apple App Store) арқылы алсаңыз, сіз бен сол үшінші тарап арасында жасалған үшінші тараптың шарттары төлеміңізге қолданылуы мүмкін. Үшінші тарап арқылы алынған Ақылы қызметтердегі есептік қатынасыңыз тиісті үшінші тараппен тікелей жүзеге асырылады.

4. Тоқтату

4.1. Шарттарды сақтау

Telegram Қызмет көрсету шарттарын бұзу Telegram платформасынан не оның кейбір қызметтерінен уақытша не біржола шеттетілуге әкелуі мүмкін. Бұндай жағдайда сіз Telegram Premium артықшылықтарын жоғалтуыңыз мүмкін және біз бұл шығынның орнын толтырмаймыз.

4.2. Біржақты тоқтату

Telegram жазылымдарды ұсынуды кез келген уақытта тоқтату туралы шешім қабылдай алады, соның ішінде біз басқара алмайтын жағдайларға жауап ретінде не заңды талапты орындау үшін; бұл жағдайда біз жазылымыңызды тоқтатамыз және алдын ала төленген жазылым төлемақысының пропорционалды бөлігін қайтарамыз, ол жазылымның қалған пайдаланылмаған мерзіміне тең.

5. Салықтар, төлемақылар және қаражат қайтарымы

Сіз Telegram қолданбасын пайдалануға қатысты барлық тиісті салық, дерек тарифі, интернет төлемақы және басқа да төлемдер үшін жауаптысыз.

Әдетте сатып алуға қатысты төлемдердің ешқайсы қайтарылмайды. Қолданушы ағымдағы жазылымынан ерте бас тартқысы келсе, оған «қаражатты ішінара қайтару» жасау мүмкін емес. Ол сатып алған мерзімінің соңына дейін жарамды болып қала береді.

6. Өзгерістер

6.1. Бағалар және шарттар

Біз Telegram Premium бағасын жиі өзгертеміз деп жобаламасақ та, бизнесіміздегі өзгерістер, әртүрлі өнім ұсыныстары не жаңа экономикалық жағдайлар сияқты факторларды көрсету үшін осы шарттарды да, жазылымыңызды ұзартуға қолданылатын төлемақыларды да өзгертуге құқығымыз бар.

6.2. Алдын ала ескерту

Біз сізге Telegram тіркелгіңізге хабар жіберу арқылы кез келген елеулі өзгерістер туралы кемінде 30 күн бұрын хабарлаймыз және жаңа төлемақы күшіне енгенге дейін жазылымнан бас тарту мүмкіндігіңіз болады. Қолданушының Premium тіркелгісіне қатысты Telegram командасы жолдайтын кез келген хабарлама Telegram қолданбасындағы верификацияланған қызметтік тіркелгілер арқылы келеді.

Premium тіркелгіңізге қатысты Telegram-нан келетін хабарларламаларда жазылым не төлем мәртебеңіз туралы ақпарат болады, арнайы ұсыныстар не промоакциялар болмайды.

7. Premium қызметінің көлемі

7.1. Қамтылған қызметтер

Telegram Premium жазылымына кіретін қызметтер («Premium қызмет») Premium бөлімінде тізілген. Кейде біз Premium қызметке жаңа элементтерді қосуымыз мүмкін. Сондай-ақ біз заңды не техникалық себептерге байланысты кейбір Premium қызметті ары қарай қамтамасыз ете алмайтын болсақ, оларды жоюымыз мүмкін. Бұған қоса кейбір Premium қызметтер болашақта барлық Telegram қолданушылары үшін тегін бола бастауы мүмкін.

7.2. Қолжетімділік

Telegram қызметтерін барлық қолданушы үшін әрқашан қолжетімді етуге тырысады, бірақ кейде техникалық мәселелер туындап, бізге қызметтерді, соның ішінде Premium қызметті қолданушыларға жеткізу уақытша тежелуі мүмкін. Telegram кез келген тегін не ақылы қызметтерді уақытша қамтамасыз ете алмағандығынан туындайтын тікелей не жанама шығынды өтемейді.

Premium қызмет ресми iOS және Android қолданбалары тәрізді ірі Telegram клиенттерінде қолжетімді. Telegram не үшінші тараптар жасаған кейбір Telegram қолданбаларында оларды іске қосқаннан кейін Premium қызмет бірден пайда болмауы мүмкін не мүлде жоқ болуы мүмкін.

7.3. Бағдарламалық талаптар

Кейбір Premium қызметті қосу үшін құрылғыңызға Telegram қолданбасының соңғы нұсқасын орнату міндетті болуы мүмкін. Кейбір жағдайда сіз Premium қызметті пайдалану арқылы бөліскен контентті сіз әрекеттесетін қолданушылар көре алуы үшін олардың құрылғыларына да Telegram қолданбасының соңғы нұсқасын орнату қажет болуы мүмкін. Мысалы, Telegram Premium жазылушыларына ғана қолжетімді эксклюзивті стикерлерді не көлемі 2 ГБ-тан асатын құжаттарды Telegram-ның соңғы нұсқасын орнатқан қолданушылар ғана дұрыс көре алады.

Жалпы сіз әрекеттесетін қолданушылар сіз Premium қызметті пайдалану арқылы оларға бөлісетін контентті көруі үшін Telegram Premium жазылымын сатып алуы міндетті емес.

7.4. Чат аудармасы және дауысты мәтінге түрлендіру

Premium қызметте Telegram платформасындағы кез келген бейнехат пен дауысхатты мәтінге түрлендіруді сұрайтын мүмкіндік бар. Оған қоса бұл қызмет арқылы кез келген чат, топ не арнаны нақты уақытта аударуға болады.

Бұл технологиялар әлі дамып жатыр, сондықтан сіз транскрипциялап не аударып көрген әрбір хат дұрыс өңделетініне не жалпы өңделетініне кепілдік жоқ. Бұл технологиялардың дәлдігі мен қолжетімділігі үшінші тарапқа (Google LLC, Alphabet Inc. филиалы) байланысты және біз олардың әрқашан дәл әрі қолжетімді болатынына кепілдік бере алмаймыз.

Бұл деректердің құпиялығы туралы Құпиялық саясаты құжатымыздан оқи аласыз.

7.5. Көбейтілген жүктеп алу жылдамдығы

Premium қызмет арқылы Telegram платформасында медиафайлдар мен құжаттарды көбейтілген жылдамдықпен жүктеп алуға болады. Бұл Telegram тарапынан барлық жылдамдық шектеуін алып тастау арқылы жүзеге асады. Дегенмен нақты жүктеп алу жылдамдығы құрылғыңыз, интернет провайдеріңіз және белгілі бір аралық қосылым провайдерлері сияқты сыртқы факторларға да байланысты болады. Сондықтан Premium қызметті қосу Telegram платформасында құжаттар мен медиафайлдарды жүктеп алу жылдамдығына тұрақты әсер ететініне кепілдік жоқ.

7.6. Жарнаманың болмауы

Белгілі бір елдерде Telegram платформасы 1000-нан астам жазылушысы бар бір жария арналарда демеушілік хабарламаларды көрсетеді. Telegram Premium жазылушылары Telegram көрсететін бұндай демеушілік хабарларды көрмейді. Дегенмен Telegram қызметіндегі арналарды басқа қолданушылар, өз әкімшілері басқарады. Олар үшінші тараптық промоакцияларды не демеушілік хабарламалары бар өз контентін жариялай алады. Бұл жарнамалар Telegram жарнама платформасының бөлігі емес және олар Telegram Premium жазылушыларына көріне беруі мүмкін.

7.7. Дауыс

Premium қызметтер қолданушыларға арналардың белгілі бір мүмкіндіктерін ашу не кеңейту үшін арналарға берілетін бірқатар «дауыс»-ты ұсынады.

Telegram Premium-ді өзіңіз сатып алған кезде қолданушыға 4 дауыс беріледі. Жазылым сыйлаушыға 3, сыйлық алушыға 1 дауыс береді. Арнадағы ұтыстың алынған жазылымды белсендіргенде қолданушы дауыс алмайды: олар ұтыс ұйымдастырған арнада қалады.

Арна деңгейін көтеру шарттары, қосымша функциялар тізімі мен жиналған дауыстар кез келген уақытта өзгертілуі не жойылуы мүмкін.

7.8. Арналардағы жүлделер

Арна әкімшілері өз есебінен ұтысты ұйымдастыра алады. Олар ағымдағы не болашақ жазылушыларға сатып алынған Premium жазылымдарын сыйлай алады және сатып алынған әрбір жазылым үшін автоматты түрде 4 дауыс алады. Осылайша жиналған дауыстарды басқа арнаға беру мүмкін емес, олар ұтыс жеңімпаздарына берілген жазылымдардың мерзіміне сәйкес ұйымдастырушы арнада қалады.

Telegram жеңімпаздарды ұтыстың шарттарын таңдау кезінде арна әкімшілері белгілеген өлшемшарттарға сәйкес анықтайды. Жарияланған нәтижелер түпкілікті және оларды қайта қарау не жою мүмкін емес. Нәтижелерге әсер еткен техникалық ақаудың сирек, екіталай жағдайларында Telegram жағдайды түзету үшін шаралар қабылдайды, бірақ осындай ұтысқа байланысты ұйымдастырушыларға не қатысушыларға ешқандай кепілдік бермейді.

Әрбір ұтыстың жеңімпазы ұтыстағы жеңісті растайтын және Telegram Premium жазылымын белсендіретін бірегей сыйлық коды бар сілтемені алады. Бұндай сілтемені басқа қолданушыға беруге болады.

Ұтысты қолданба дүкенінен және ресми сайттан жүктелген Telegram клиентінде, сондай-ақ Telegram веб-нұсқасында және Fragment платформасында төлеуге болады. Әр түрлі платформадағы бағалар әр түрлі болуы мүмкін. Сатып алуды қайтару қарастырылмаған. Егер ұтыстың шарттарына сәйкес келетін қатысушылардан көп жүлделер болса, қалған Premium жазылымын белсендіру сілтемелері арна әкімшілеріне жіберіледі, осылайша олар оларды өз қалауы бойынша қолдана алады. Бұндай ойнатылмаған жүлделерді басқа өткізілетін ұтыста кезде қайта қолдануға болмайды.

Ұтысқа демеушілік жасаған әкімшілер, егер олар өз арналарына қол жеткізе алмаса, ақшаны қайтаруға құқылы емес. Қолжетімділікті жоғалтудың себептеріне лауазымның төмендеуі, бұғаттау, ие құқығын беру, сондай-ақ арна иесінің оны алып тастауы, платформа не дүкеннің қызмет көрсету шарттарын бұзуына байланысты Telegram-ның шектеуі жатады.

Қолданушыларды адастыратын және үшінші тарапқа (мысалы, банкке) қайтарылатын тегін сыйлықтар арқылы қосылуға мәжбүр ететін арналар жабылуы не алаяқ деп белгіленуі және Telegram іздеуінен жойылуы мүмкін. Біз сондай-ақ ұйымдастырушы арнадан және ұтыста көрсетілген басқа арналардан, сондай-ақ ұйымдастырушымен байланысты кез келген басқа арналардан осындай жосықсыз әрекеттер нәтижесінде осы арналарға жазылған қолданушыларды алып тастау құқығын өзімізде қалдырамыз.

Кейбір елдерде не юрисдикцияларда ұтыстарды өткізуге заңнамалық шектеулер болуы мүмкін. Ұтыс ұйымдастырылған жағдайда қолданыстағы заңнаманың сақталуына тек сіз жауаптысыз. Сіз Telegram компаниясы ұсынатын “Ұтыс” функциясын қолдану не қолдану салдарынан құқықтық санкциялар, айыппұлдар, сот не әкімшілік шаралар қолданылған жағдайда Telegram жауап бермейтінін мойындайсыз және растайсыз.